Министрлер жиналып ортақ мәселелерді талқылады

Министрлер жиналып ортақ мәселелерді талқылады
24 kz

Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сілтеме жасап.

Жиында 3 құжатқа қол қойылды. Бейбітшілік медалін тағайындау, ұйымның қаржылық жағдайын бекіту, квоталық лауазымдарды бөлу туралы шешім мақұлданды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері халықаралық және өңірлік жағдай бойынша пікір алмасып, ортақ мәселелерді талқылады. Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сыртқы байланысты дамытуға қатысты жоспарларын ортаға салды. 

Кеңесте ғарыштағы қару-жарақ бәсекелестігінің алдын алу мәселесі талқыланды. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің квоталық лауазымдарды бөлу туралы шешімі де мақұлданды. Ауғанстандағы ахуал да назардан тыс қалмады.

- Биыл 28-29 сәуірде тәжік-ауған шекарасында ҰҚШҰ жұмыс тобы болды. Тәжік тарапы шекарашыларға әскери техниканы жеткізу көлемін ұлғайтуды сұрады. Жұмыс тобының мүшелері сұратылған қару-жарақ көлемінің көп екенін ескеріп, бағдарламаны одан әрі пысықтауды тапсырған. Тәжік шекарашыларының нақты қажеттіліктері туралы ақпарат ұйымға мүше мемлекеттерге талқылауға беріледі. Сіздердің тараптан ұсыныс күтеміз, - деді ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.