"Менің анам!" сурет байқауы жарияланды

"Менің анам!" сурет байқауы жарияланды
Cурет Almaty-akshamy

"Alatay aqparat" медиахолдингі "Менің анам!" тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Байқау Халықаралық арулар күні мерекесіне арналған.

Сурет байқауы 3 және 10 наурыз аралығында @aqshamy.official инстаграм парақшасында жүргізіледі.

Байқау туралы толығырақ мәліметті төмендегі ақпараттан ала аласыз.

Байқау! Байқау! Байқау!

Шуақты көктемнің мейірімді мерекесі - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Менің анам!" тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауы жарияланды.  

Байқау шарты:
- "Менің анам!" тақырыбында сурет салу;
- Суретті өзіңіздің немесе ата-анаңыздың инстаграм парақшасына жүктеу;
- Постқа:
#меніңанам
#АлматыАқшамы 
#ақшамы
#aqshamy хэштегтерін жазу,
- @aqshamy.official инстаграм парақшасына жазылу;
- @aqshamy.official парақшасын белгілеу.

Байқауға арнап сурет салумен қатар тақырыптық видео жасап жүктеуге болады және бұл қатысушылар бөлек бағаланады.

Байқаудың өтетін уақыты: 3 және 10 наурыз аралығы.

Байқау жеңімпаздарын жариялау - 11 наурыз.

Байқау жеңімпаздары "Alatay aqparat" медиахолдингінің дипломымен марапатталады және оларға Алматыдағы театрлар қойылымдарына билеттер табысталады.

Байқау қолдаушылары: Алматы қаласының «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК @kuyrshak_teatry, www.puppet.kz және Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры @satstheatre_almaty, www.satstheatre.org.kz 

Байқау жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен өтетін орны байқау аяқталған соң қосымша хабарланады.