Мемлекеттік рәміздерге - 30 жыл: Алматыда автошеру өтті

Мемлекеттік рәміздерге - 30 жыл: Алматыда автошеру өтті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматының Наурызбай ауданында автошеру өтті.

Абай даңғылында өткен іс-шараға 60 Ту ұстаған 90 адам жұмылдырылды. Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шеруге 30 автокөлік қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап. 

«Наурызбай ауданының әкімшілігінің қолдауымен өз рәміздерімізді құрметтеу мақсатында автошеру жасап отырмыз. Бұл – біздің жыл сайынғы дәстүрлі іс-шарамыз. Рәміздеріміз соңғы кезде көрінгеннің ойыншығына айналып бара жатқанын байқап жүрміз. Біз түбегейлі қарсымыз», – деді автошеруге қатысушы Рауан Тоқтарбай.