Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады

Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Бакуге сапарының қорытындысына оң баға берді.

Кездесуде конфессияаралық диалог халықаралық қауымдастықты біріктіру жолдарын бірлесіп іздеудің маңызды құралы екені айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік рухани көшбасшылар съезінің қорытындысы жаһандық сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұруға ықпал етіп, ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бауырлас Қазақстан мен Әзірбайжан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстарын нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Бакуге сапарының қорытындысына оң баға берді. Бұдан бөлек, Қазақстанның діндер мен өркениеттер диалогын дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.