Алматыдағы мешітте ұрлық жасап жүрген күдікті қолға түсті

Алматыдағы мешітте ұрлық жасап жүрген күдікті қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

Мешіттен ұялы телефон ұрлаған 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жергілікті тұрғын біздің бөлімшеге арызбен жүгінді. Ол мешітте ұйықтап қалғанын, оянғанда телефонын таппағанын айтты. Күдікті тез арада анықталды. Бейнебақылау камераларының деректері жақсы көмек болды. Қаскөй 30 жастағы М. есімді азамат болып шықты. Ол өз ісін мойындап, мешітте ұйықтап жатқан адамды көргенін, оның жанында телефоны болғанын айтты. Ол өзінің арам ойы кенеттен пайда болғанын айтады. Оған ешкім қарап тұрмағанына көз жеткізген соң, гаджетті алып, мешіттен шығып кеткен», – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Оңай ақшаны ұнататын жігіт ұрлап алған затын сатуды жоспарлаған, бірақ үлгермеген. Себебі оны полиция қызметкерлері ұстап алған. Телефон тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іске тіркелді. Қылмыстық іс тіркелді.