Медеу ауданында 3200 текше метр болатын лай көшкіні түсті

Медеу ауданында 3200 текше метр болатын лай көшкіні түсті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан жылжыманың түскендігі туралы ақпарат келіп түсті.

Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге келді.

Құтқару жұмыстарына «Қазселденқорғау» ММ, Алматы қаласының «109 құтқару қызметі» ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақпаратқа сәйкес, лай басқан үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.

Алдын ала мәлімет бойынша 3200 текше метр болатын көшкін түскен.

ТЖД күштері іздеу жұмыстарын жалғастыруда.