Алматыда коронавирус жұқтырған 125 бала ауруханада жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 125 бала ауруханада жатыр
Egemen.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 5095 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

31 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 259 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1207, симптомсыз – 52 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 846, келіп түскені – 425.

«Инфекциялық стационарларда 5 095 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 125 бала емделуде», - деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 414 адам жатыр. Ал 69 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 174 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 182 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 10 307 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 9 950 науқас. 357 адамда коронавирус белгілері жоқ.