Алматыда жыл басынан бері 9 мыңға жуық граффити жойылды

Алматыда жыл басынан бері 9 мыңға жуық граффити жойылды Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы жалпы жедел іздестіру іс-шараларымен қатар нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру бойынша да жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



 «Бұл індеттің барлық жерге таралғаны жасырын емес. Оларды интернет арқылы сатудың байланыссыз жолдары, электронды әмияндар, бетбелгілер және қалаларымыздың көшелері мен үйлеріндегі граффити жарнамалары жұртшылықты толғандырады. Жыл басынан бері есірткіні насихаттайтын 9 мыңға жуық граффити-сурет анықталды және өшірілді. Мұндай жазуларды анықтау және жою бойынша әкімдіктермен, қоғамдық ұйымдармен және еріктілермен бірлескен жұмыс ұйымдастырдық. Есірткі граффитиін салып жатқандар да ұсталды. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



Сондай-ақ, ол қала әкімдігі мен еріктілер осы мәселеге бейжай қарамайтын сарапшылар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік сектор өкілдерінің басын қосып, балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесін жүйелі деңгейде шешетін “Narkostop” жобасын қолға алғанын жеткізді.



 «Олардың қатысуымен есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын граффити жазуларын анықтау және жою бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді. “Есірткіге бірге қарсымыз!!!” және “Назар аударыңыз! Бей-жай қарамаңыз” атты кітапшалар таратылды, онда Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасыныңның WhatsApp жедел желі телефонының нөмірі 8-705-549-70-25 көрсетілген. Сонымен қатар атқарушы билік органдарымен, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, қаланың білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шаралар: науқандар, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізілуде», – деді Е.Әлмағамбетов.



Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жыл басынан бері Алматыда 43 есірткі сатушы ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49