Құтқарушылар мінген ұшақ Алматыға табан тіреді

Құтқарушылар мінген ұшақ Алматыға табан тіреді
сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркияға көмекке кеткен қазақстандық құтқарушылардың алғашқы легі елге оралды.

38 адамнан құратын, құрамында құтқарушылар мен медицина мамандары бар алғашқы қазақстандық топ Алматыға келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Түркияның Газиантеп қаласынан Төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 бортымен республикалық жедел құтқару жасағының 33 қызметкері келді. Олардың арасында 3 кинологтар тобы мен 5 апаттар медицинасының дәрігерлері бар. Газиантеп қаласында 12 күн жұмыс істеген жасақты Алматыдағы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, туысқандары күтіп алды. Құтқарушылардың арасында ерлігімен көзге түскен Ерік Берлібековтің иті Джейкоб та бар. Құтқарушыларымыз Джейкобтың көмегімен 76 сағат қиранды астында жатқан отбасыны құтқарған.

Отандастарымыз 250 мың текше метр үйіндіні аршып, 7 адамды аман алып шықты. 88 адамның мәйітін тапты. Қазақстандық құтқарушылардың екінші легі бүгін Астанаға келеді деп жоспарланып отыр.