Биыл да Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті

Биыл да Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті
Сурет: Landlord.ua

Астықтың түсімі жылдағыдан 30%-ке жоғары.

Өткен жылы орта есеппен гектарына 9,8 центнер өнім жиналса, биыл 13 центнерді құрап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Егін орағы аяқталып қалды. Негізінен биыл ауа райы қолайлы болды. Түсім орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деп күтілуде. Жалпы, 18 млн тоннадан астам астық жинау жоспарлануда. Ендігі міндет – өнімнің сапасын төмендетпей, дұрыс сақтау. Сонымен қатар, ішкі сұранысқа және экспортқа қажетті астық көлемін нақты бөліп қою керек. Бұл да болса – дихандарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Осы іске атсалысқан ауыл еңбеккерлерін мол өнім жинауымен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамыз», — деді Әлихан Смайылов.