Медеу ауданында 200 орындық 5 балабақша ашу жоспарлануда

Медеу ауданында 200 орындық 5 балабақша ашу жоспарлануда
Сурет: Atpress.kz

Медеу ауданының мектептері мен балабақшаларында 4,5 мың орын жетіспейді.

Жеке инвесторлар есебінен 357 орындық 7 балабақша ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қала орталығындағы және Думан шағын ауданындағы мектептерде орын тапшылығы сезіледі. Қазір 2 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. №48 мектепті жаңғыртуды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл ретте жоғары сыныптар 1 қыркүйектен бастап мектепке оралады. Кіші сыныптар жыл соңына дейін жақын маңдағы басқа мектептерге уақытша орналастырылады. № 131 лицейді сейсмикалық күшейту келесі жылдың тамыз айында аяқталады.

№4 мектеп ғимаратына 600 орындық қосымша құрылыс салу мәселесі пысықталуда. Бұл жерде ЖСҚ әзірлеу, құрылысты 2024 жылы аяқтай отырып, жерді сатып алу бойынша жұмыстар күтілуде.

Үш балабақшада күрделі жөндеу аяқталды. Сондай-ақ, жеке инвесторлар есебінен 357 орындық 7 балабақша ашылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. Жыл соңына дейін 200 орындық тағы 5 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда», - деді мегаполис басшысы халықпен кездесуде.