Алматыда американдық онкоурологтардың шеберлік сағаты өтуде

Алматыда американдық онкоурологтардың шеберлік сағаты өтуде

Алматы қалалық онкологиялық орталығы және Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында американдық дәрігерлердің қатысуымен «Онкоурология және урологиядағы заманауи тәсілдемесі» атты бес күндік шеберлік сағаты өткізілді.

Аталмыш мастер-класс қоғамдық денсаулық басқармасының шешімі бойынша жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Іс-шараға емхана және стационардың уролог-дәрігер және онкоуролог-дәрігерлері, қаланың медициналық университеті кафедрасының қызметкерлері, резиденттер, интерндер, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласынан, Семей және т.б. аймақтардан келген дәрігерлер қатысты. Орталық қалалық клиникалық аурухананың конференц-залында онлайн түрде операция көрсетілді.

Онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевтың айтуынша, бұл мастер-класс американдық әріптестердің өзінің іс-тәжірибесімен бөлісуге және алматылық дәрігерлердің тәжірибесіне ең мықты технологияларды енгізу үшін көзделген. Алғашқы күні үш операция жүргізілді.

«Бірінші операция қуықтың қатерлі ісігімен ауратын науқасқа жасалды, науқаста жайылған үдеріс - оң жақ несеп жолының өскіндері белгіленген қатерлі ісіктің инвазивтік түрі, яғни, несепағар жолы оң жақ бүйрек жағынан бұзылған. Сондықтан да «ашық» (лапароскопия жолымен емес) операция түрін жасауға шешім қабылданды. Операция кезінде науқасқа қуығын және қуық асты безін алып тастап, ішектен жаңа несеп жолын қалыптастырды. Кейіннен, алынған тіндердің талдамасынан соң қажетті болғанда, емдеу үдерісінің келесі сатысы белгіленеді»- дейді маман.

Екінші операция «Сол жақ бүйрегінің қатерлі ісігі» диагнозымен операция жүргізілді, онда да ісік үлкен болып ұлғайып ктекен. Бұл жағдайда онкоурологтар лапароскопия жолымен науқасқа сол бүйрегін алып тастады. Бүгінгі күні ісік аурулары кезінде қуық асты безі мен қуықты алып тастау бойынша радикалды операциялар қаламызда дара түрде жүргізіледі. Сол себепті аталмыш мастер-класс өзекті және урологтардың ертеден анықтап диагностикалау және емдеу білімі мен дағдыларын арттыруға, қуық және қуық асты безінің қатерлі ісігі кезіндегі шағынинвазивті және жоғары технологиялық операцияларды жүргізу тәжірибесін меңгеруге бағытталған.

«Мастер-класс тарапында біздің мамандар онкоурологиялық операция жүргізудегі тәжірибелерімен бөлісті, біз американдық әріптестеріміздің қандай әдістерді қолданатынын айқын көріп, олардың тәжірибесін өзіміздікімен салыстырдық», - деп түйіндеді Нұрлан Балтаев.

Бұдан әрі, жүргізілген операциядан соң, американдық әріптестер ОҚКА базасында онкоурологиялық аурушаңдық тақырыбы бойынша, мәселен, қуық асты безінің қатерлі ісігін емдеудегі заманауи әдістер, радикалды цистпростатэктомия кезіндегі несеп жолын деривациялау әдістері және радикалды операция көрсеткіштері туралы және т.б. дәрістер жүргізеді.