Құрылтайда Президент хиджаб мәселесін көтерді

Құрылтайда Президент хиджаб мәселесін көтерді
Сурет: Depositphotos

Бүгін Атырауда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.

Ұлттық жиында көптеген мәселелер ортаға салынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хиджаб мәселесін көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тоқаев жат нормаларды ойланбай көшіру рухани тамырдан алшақтатады. 

«Соңғы жылдары біздің елде қара киіммен бүркеніп, оранған адамдар көп болды. Бұл бәріне белгілі. Олар бөтен адамдар емес, біздің отандастарымыз. Қара жамылу біздің халқымыздың дүниетанымына қайшы келеді, бұл діни фанатизмге байланысты бізге жат нормаларды ойланбастан көшіру. Біз рухани тамырымыздан алшақтап, ұлттық болмысымызды бұлдыратпауымыз керек», - деді Президент.