Құрбан айт пен Астана күнінде елімізде ХҚО-лар жұмыс істемейді

Құрбан айт пен Астана күнінде елімізде ХҚО-лар жұмыс істемейді
Сурет: Osken-onir.kz

Ал 1 шілде мамандандырылған және қарапайым Қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні саналады.

Құрбан айт пен Астана күні елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Шілденің 7-8 күндері азаматтарды сағат 13:00-ге дейін тек кезекшілік белгіленген ХҚО-лар мен АвтоХҚО-лар қабылдайды.

Ал 1 шілде мамандандырылған және қарапайым Қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні саналады. Бұл күні ХҚО-лар азаматтарды 18:00-ге дейін, мамандандырылған ХҚО-лар 20:30-ға дейін қабылдайды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елдегі мамандандырылған ХҚО-лар шетелдік көліктерді тіркеу жұмысына тартылып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 1 шілдеге дейін олар азаматтарды жұмыс күндері 9:00-ден 19:00-ге дейін (құжаттарды беру – 20:30-ға дейін), сенбі 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру 19:30-ға дейін) қабылдап жатыр.