Ковидтің таралу қаупі вакцинамен жаппай қамтылғанға дейін сақталады - ДДҰ

Ковидтің таралу қаупі вакцинамен жаппай қамтылғанға дейін сақталады - ДДҰ
Cурет: Ашық дереккөз

22 наурыздағы жағдай бойынша, 470 839 745 адам ауру жұқтырған және 6 092 933 науқас қайтыс болған

Әлемде коронавирустық инфекциялар санының күрт өсу қаупі вакцинациямен жаппай қамту қамтамасыз етілмейінше сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы сәрсенбі күні Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс мәлімдеді. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсаты осы жылдың ортасына дейін барлық елдердегі адамдардың 70% вакцинациялау болып қала береді", - деді ол. - Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерін, қарттарды және басқа да тәуекел топтарын иммундауға басымдық берілуі керек. Әлем халқының үштен бір бөлігі вакцинацияланбаған».

ДДҰ басшысының айтуынша, екпемен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізбейінше, инфекциялардың күрт өсуі және індеттің жаңа нұсқаларының пайда болу қаупі төмендемек емес.

Гебрейюс әлемде «COVID-19 аурулары санының өсуі» жалғасып жатқанын еске салды. "Сонымен қатар, қазір бірнеше ел пандемия басталғалы бері барлық уақыттағы ең жоғары өлім көрсеткішімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл "омикрон" нұсқасының таралу жылдамдығына байланысты, сондай-ақ екпе алмағандар арасында, әсіресе, егде жастағы адамдар арасында өлім қаупінің жоғарылауымен байланысты", - деп түйіндеді бас директор.

22 наурыздағы жағдай бойынша, 470 839 745 адам ауру жұқтырған және 6 092 933 науқас қайтыс болған. Соңғы аптада (14-20 наурыз) 12 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 32 мыңнан астамы қайтыс болды. Алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда, инфекцияны жұқтырғандар саны 7 пайызға артып, қайтыс болғандар саны 23 пайызға азайған.