Қостанайда 2 мыңнан астам абонент жылусыз қалды

Қостанайда 2 мыңнан астам абонент жылусыз қалды
Cурет: Qazaqstan.tv

Қостанайда диаметрі 426 мм-лік магистральді құбыр жарылып, 30 тұрғын үй жылусыз қалды.

Мамандар «кешкі сегізге дейін жөндеу жұмыстары аяқталады» деп отыр. 30 үйдегі пәтерлердің жалпы саны 2200-ден асады, деп хабарлайды Almaty-alshamy.kz.

Тап осы «Әуежай» шағын ауданында желтоқсан айында да құбыр жарылып, тұрғындар күні бойы жылусыз отырған. Мамандар онда апаттың себебін «осыдан жеті жыл бұрын төселген металл құбырлар, жерасты суының әсерінен шіріп жатыр» деп түсіндірген еді.