Білімің – ең мықты қаруың

Білімің – ең мықты қаруың
agiratech.com

Қытайдағы ең ауқатты адамдардың бірі – Джек Маның ұлына жазған хатынан үзінділер берейік. «Саған айтатындарымның барлығы менің өмір жолымда кездескен кедергілерден алған сабақтарым, сондықтан осы сәтсіздіктерімді қайталамауың үшін пайдасы болар деп ойладым», – дейді ол.

  • Сені жақтырмаған, саған нашар көзқараспен қараған адамдарға ешқашан ренжіме, өйткені саған анаң екеуімізден басқа ешкім де борыштар емес.
  • Табысқа жеткен көптеген кәсіпкердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады деген сөз емес. Есіңде болсын, балам, білімің – ешкім сенен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам білімсіз де кәсіп ете алады, бірақ оны білімсіз бәрібір дамыта алмайды.
  • Қалған өмірімде мен саған «мені бақ» деп талап қоймаймын, дәл сол сияқты сен кәмелеттік жасқа жеткен соң менің де жауапкершілігім аяқталады. Өмір бойы қоғамдық көлікпен жүресің бе, әлде «Мерседес» мінесің бе, қара көже ішесің бе, әлде шылқыған май жалайсың ба, ол өз қолыңда!
  • Әрқашан уәдеге берік бол, бірақ басқаларға бұл талапты қоя алмайсың. Басқаларға үнемі ілтипатпен қара, бірақ басқаларға да өзіңе жақсы көзбен қара деп талап қоя алмайсың. Сен оларға қалай қарасаң, олар да саған солай қарай бермейді. Егер осы ақиқатты жете түсіне алмасаң, өмір жолыңда келеңсіздіктерге ұшырай бересің.
  • Өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан туыстарыңды, жанашыр жақындарыңды қадірлей біл. Екеуіміз де мәңгі бірге бола алмаймыз, қара көз жұмылған соң ешқашан қауыша алмаймыз.

 

Нұр ЖАМАЛ.