Коронавирусқа шалдыққан 590 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

Коронавирусқа шалдыққан 590 науқастың жағдайы ауыр – министрлік
Cурет: Ашық дереккөз

8 412 пациент стационарда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
1 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 46 492 адам коронавирус инфекциясынан (–40 793 + және 5 699 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 412 пациент стационарда, 38 080 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 590 адамның жағдайы ауыр,

- 149 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.