Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізуде

Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізуде
Сурет: Ria.ru

Бұл - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің пікірі. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жапондық NHK телеарнасына берген сұхбатында Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

  «Ресей мен Қазақстанды тығыз экономикалық қатынастар байланыстырады. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізеді. Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз, бірақ сонымен бірге республика экономикасын әртүрлі кәсіпорындар шектеу шараларын айналып өту үшін пайдаланбайды деген қағиданы ұстанамыз»,- деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. 

Министрдің айтуынша, Ресей мен Украина – Қазақстанның ежелден бергі достары. Президент Тоқаев екі елдің көшбасшыларымен үнемі байланыста болып, олардың өзара бейбітшілікке келуіне шақыруда. 

«Қазақстанның көлік және логистика үшін транзиттік пункт ретінде даму әлеуетіне ерекше назар аударылады. Менің ойымша, бұл шетелдік инвестицияны тартып, Еуропа мен Азияны біріктіретін орталыққа айналады», – деді СІМ басшысы.