Коронавирус жұқтырған 7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Коронавирус жұқтырған 7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
Сурет: Ашық дереккөзі

12 пациенттің жағдайы өте ауыр

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 1 386 науқастың стационарда ем алып жатқанын мәлімдеді, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

27 шілдедегі мәлімет бойынша, 20 958 адам коронавирус инфекциясынан (–20 790+ және 168 КВИ-) емделуде. 

Олардың ішінде 1 386 пациент стационарда, 19 572 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 
32 адамның жағдайы ауыр, 
12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 
7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.