Қорғаныс министрлігінің делегациясы Сауд Арабиясындағы әскери-техникалық көрмеге қатысты

Қорғаныс министрлігінің делегациясы Сауд Арабиясындағы әскери-техникалық көрмеге қатысты
Сурет: Gov.kz

Эр-Рияд қаласында өткен World Defence Show-2024 XV халықаралық қорғаныс көрмесінде министрдің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары генерал-майор Бақытбек Сыдықов бастаған ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы шетелдік компаниялардың ұсыныстарымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

World Defence Show-2024 көрмесіне 45 елден 700-ден астам экспонент қатысты. Ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, көрме павильондарына 65 мыңнан астам адам келген.

Көрме алаңдарында Қорғаныс министрлігінің делегациясы қару-жарақ пен әскери техника өндірісіне маманданған шетелдік компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.