Керей-Жәнібек хандары көшесі ішінара жабылады

Керей-Жәнібек хандары көшесі ішінара жабылады
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауы бойынша 27 қыркүйек сағат 23-00-ден 28 қыркүйек сағат 6-00-ге дейін асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінің бойымен Тәттімбет көшесінен №378 үйге дейінгі жол көлік ағынының кері қозғалысын ұйымдастырумен жүріс бөлігі ішінара жабылады. 

Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы-жол телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.