Алматыда мамандықтар жәрмеңкесі өтті

Алматыда мамандықтар жәрмеңкесі өтті
Cурет: Egemen.kz

Барлық қатысушылар HR менеджерілерімен тандалған

«Жас көшбасшылар қоры «G-38» қоғамдық қоры ХБК базасында қалалық жетекші компанияларды шақыра  отырып, жалпы қалалық Мамандықтар  жәрмеңкесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жоба аясында 200-ге жуық қатысушы Алматы қаласының жетекші компанияларында тағылдамадан өту мүмкіндігі берілді. Барлық қатысушылар HR менеджерілерімен тандалған.
Жобаның мақсаты -  түлектерді жұмысқа орналастыру және ауыл жастарын әлеуметтендіруге көмектесуге арналған. Бұған дейін жоба аясында бірнеше тренингтар мен кездесулер өткізілген.  

Сондай-ақ, NEET санатындағы жастарды қолдауға және әлеуметтендіруге бағытталған шаралар халық көп шоғырланатын орындарда (сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, саябақтар, скверлер мен мешіттер) санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.