Балалар әдебиетін қолдау 2023 жылға дейін жалғасады

Балалар әдебиетін қолдау 2023 жылға дейін  жалғасады
Сурет: 24.kz

Балалар әдебиеті жылы аясында мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шыққан 40 кітаптың тұсаукесері өтті

Биыл Балалар әдебиетінің жылы болып белгіленген еді. Енді балалар әдебиетін қолдау 2023 жылға дейін созылады. Биыл қазақ әдебиетінде ерекше жаңалық болды. 168 аталыммен 492 мың дана кітап басып шығарылып, республиканың мемлекеттік кітапханаларына тегін таратылды. Оның 40-ы балалар әдебиетіне арналған. Жалпы таралымы 120 мың дана, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Арнайы логотиппен жалпы таралымы 120 мың данада басылып шығып, еліміздің бүкіл кітапханаларына, бүкіл аймақтарына таратылды. Басылып шыққан әдебиеттердің 34-і отандық қаламгерлердің шығармасы болса, алтауы – әлем балалар әдебиетінің аудармалары. Осындай оң бастаманы жалғастыру мақсатында балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылын 2023 жылға дейін жалғастыру туралы шешім қабылданды. Осындай игі шара баршаңызға құтты болсын», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Кітаптардың ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған отандық шығармалар жарық көрді: «Адамның бір қызығы бала деген...», «Балалықтың соңғы күзі», «Ұлы даланың ұландары», «Сәби болғым келеді», тағы басқа туындылар бар.

Сондай-ақ әлем балалар әдебиеті авторларының қазақ тіліндегі аудармалары жарық көрді. Соның ішінде жапон балалар әдебиеті жас оқырмандар үшін қызықты әрі тың шығарма екенін атап өтуге болады. «Көк бөрінің көзі; Кастрючиннің «Ержүрек құмырсқа», «Қазына аралы», Даниэль Дефоның "Робинзон Крузо" шығармалары қазақшаланды.