Прокуратура Әлия Назарбаеваны таппай жатыр

Прокуратура Әлия Назарбаеваны таппай жатыр
Сурет: Adyrna.kz

Бұған дейін жазғанымыздай Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров куәгерлердің РОП операторының соңғы бенефициары ретінде Әлия Назарбаеваны көрсеткенін айтқан. Бірақ Бас прокуратура бұл туралы ештеңе білмейді және өтініштер түспегенін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті.

«Мен өтінішті көрген жоқпын, егер қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешімді тиісті орган шығаруы керек деп ойлаймын. Бізде мұндай органдар бар: Ішкі істер министрлігі, Экономикалық тергеу қызметі, Антикор. Егер дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы тиіс. Менде әзірге ондай ақпарат жоқ», - деді Шындалиев.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев те Әлия Назарбаеваның қайда екенін білмейді.

Еске сала кетсек, Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы басшылығы мен бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұловқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.