Қажылыққа апарам деп алдаған туристік фирманың басшысы ұсталды

Қажылыққа апарам деп алдаған туристік фирманың  басшысы ұсталды
Сурет: интернеттен

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Zam Zam Qazaqstan" туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР ІІМ тергеу департаменті қажылық туризм ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

"Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды. 22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды", делінген ІІМ  таратқан хабарламада.