Қазалының кәмпиті экспортталатын болды

Қазалының кәмпиті экспортталатын болды
Сурет: Facebook.com

Қытайдан сұраныс түскен.

Тәтті шығаратын цех тәулігіне 400 тонна өнім дайындайды. Жалпы, былтыр Қызылорда облысынан 50 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі, әлемнің 21 еліне экспортталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның жалпы құны 28 миллион доллар болды.  Соның ішінде Қазалы ауданында өндірілген  3 мың тоннадан астам өнім Еуропаның 6 мемлекетіне сатылған. Оның ішінде күріш, балық өнімдерімен қатар ши-қамыс та бар. Аудан кәсіпкерлері ішкі нарықтан бөлек, шетелге тауар шығару бағытына басымдық беріп отыр. 

«Айына 3-4 тоннадан экспорттағысы келіп отыр. Бұл бастапқы өнімдеріне. Қазіргі таңда цехтың қасынан тағы бір цех ашып, жұмыс көлемін ұлғайтып және жұмыссыздықты жою жөнінде тағы 20 адам алғысы келіп отыр», - дейді Қазалы аудандық  кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлов.