Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуіне рұқсат берілуі мүмкін
Сурет: ашық дереккөз

Оңтүстік Корея отандастарымызға ресми түрде жұмысқа орналасуға рұқсат беруі мүмкін.

Қазір Қазақстанды "еңбекке рұқсат беру жүйесіне" енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Шетел асып, жұмыс істегісі келетін азаматтар алдымен тіл мен заң үйренеді. Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтың мәліметі бойынша тіркеудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Германия, Израиль және Қатар мемлекетімен келісімге келген. Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы: - migration.enbek.kz сайтына тіркеле отырып, осы жүйе арқылы жұмысқа орналасуға болады. Оны еңбек ұтқырлығы орталықтары жүзеге асырады. Шетелде жұмыс істегісі келген адам, алдымен тіл үйеренеді, медициналық тексеруден өтеді және құжаттарын ресімдейді. Бүгінгі таңда шетелде 200 мыңға жуық қазақстандық еңбек етіп жүр. Олардың басым бөлігі Ресейді таңдаған. Мұнда 162 мың отандасымыз жұмыс істейді. Ал Польшада - 13 мың, Ұлыбританияда – 5 мың қазақстандық бар.