«AKIMAT LIVE»:   ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАДЫ

«AKIMAT LIVE»:    ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАДЫ
almaty-akshamy.kz

«Автодомдағы» ХҚКО Саялыға қайта көшті

Akimat LIVE бағдарламасының эфирінде айтылған қала тұрғынының үндеуінен кейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Автодом» сауда орталығындағы мамандандырылған ХҚКО-ға барып, Сәтбаев көшесіндегі ұзын-сонар кептелісті өз көзімен көрді.

 Осыдан кейін Алматы билігі жүргізушілерге қызмет көрсететін мекемені Сәтбаев көшесінде орналасқан сауда орталығынан көшіру туралы шешім қабылдады.

1 наурызда «Саялы» шағынауданындағы көлікті қайта тіркеу бойынша қызмет көрсететін №1 мамандандырылған ХҚКО «Автодом» сауда орталығына ауысқан. «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшесінің жаңа орны тұрғындардың көбіне ұнамаған еді. Себебі мекеме көп халықты қабылдауға қауқарсыз болды.

Мегаполис әкімі Б.Сағынтаев өзінің Facebook-тегі аккаунтында алматылықтардың Akimat Live бағдарламасының эфиріне жүгінгеннен кейін «Автодом» сауда орталығы аумағында орналасқан автоХҚКО жағдайымен танысқанын жеткізді.

 «Мұнда супермаркеттер, автосалондар, ал жақын маңда басқа да сауда орталықтары мен көпқабатты тұрғын үйлер орналасқандықтан, бұл учаскеде әсіресе демалыс күндері, кептеліс болады. Осыған байланысты көліктерді ресімдеу бойынша қызметтерді Алатау ауданының мамандандырылған ХҚКО-на қайтаруды тапсырдым, онда келушілер үшін де, автомобильдер үшін де жеткілікті орын бар», – деп жазды Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, Алматы әкімі жақын маңдағы кешен тұрғындарының өтініші бойынша Бостандық ауданының әкімі мен қалалық мобильділік басқармасының басшысына жол жүру жолдары мен осы учаскенің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жоспарын ұсынуды тапсырды.

 Қоқыс мәселесі шешілді

 Алматы әкімдігі өз үйінің жанындағы жиналған қоқысқа шағымданған жалғызбасты зейнеткер мәселесін шешті. Жақында қарт тұрғын Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде Бақытжан Сағынтаевқа өтініш білдірді. Жетісу ауданының тұрғыны қоқыстан шыққан қолаңса иістің кесірінен денсаулығы нашарлағанын айтты.

 70 жастағы Нағима Бөлешова үйінің қасында бірнеше жылдан бері қоқыс жиналып, оның қасына қаңғыбас иттер мен мысықтардың, тіпті егеуқұйрықтар қаптап кеткен. Жиналған қоқыс жанынан өту мүмкін емес. Қолқаны қапқан жағымсыз иіс аллергияға ұшыратып, басыңды ауыртады.

Зейнеткер Нағима апа бұл үйде 30 жылдан бері тұрып келеді. Оның айтуынша, бұл жер бұрын бау-бақша болған екен. Кейін сайға қоқыс тастай бергеннен қалдықтар тау болып үйіліп қалған. Қазір ол өз ауласындағы қоқысты тазалай алмайды.

«Қоқыстың иісі шыдатпайды. Мұнда егеуқұйрықтар, мысықтар, жабайы иттер қаптап кетті. Мен жалғыз ғана өмір сүрмеймін, мұнда бізде 10 отбасы бар», – деді қала тұрғыны Нағима Бөлешова.

Жақында зейнеткер Бақытжан Сағынтаевқа Akimat LIVE бағдарламасының эфирінде бұл проблеманы жеткізді. Мегаполис басшысы мәселені шешуге уәде берді. Бірнеше сағаттан кейін аудан билігі сонда болып, көп уақыт өтпей, аумақ қоқыстан тазартылды.

«Біз тікелей эфир біткен соң өз мамандарымызбен осында келіп, мәселені зерттедік. Таңертең коммуналдық қызметтермен бірге шағын сенбілік ұйымдастырдық, яғни біз қоқыстан тазартып, ағаштар мен бұталарды кесіп тастадық, сондай-ақ апамызға 2 қоқыс контейнерін сыйға тарттық», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Дамир Әкежанов.

Сондай-ақ, аудан билігі зейнеткерге болашақта көмектесетіндерін жеткізді.

 Тегін бассейн ашылды

 Алматыда тегін балалар бассейні ашылды. Әлеуметтік нысан Наурызбай ауданында орналасқан. Бұған дейін тұрғындар Бақытжан Сағынтаевтан оқушылар мен студенттерге қолжетімді болатын бассейн салуды сұраған болатын. Сол кезде мегаполис басшысы мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

 Біздің ауданда мұндай мемлекеттік спорт кешені болған емес. Енді кейбір жекеменшік шағын залдар бар. Бірақ оның бағасы аспандап тұр. Сондықтан бізге спорт кешенін салуыңызды өтінеміз», – деді қала тұрғыны Рамиль Мирзаев.

Осындай өтініштермен қала тұрғындары дәстүрлі кездесулер кезінде мегаполис басшысына бірнеше рет жеткізді. Бақытжан Сағынтаев жаңа нысандарды салу немесе қолданыстағы нысандарды жаңғырту мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.

Енді міне, өткен жылы айтылған тұрғындар өтініші биыл орындалды. Балаларға тегін, спорттық, кәсіби жүзумен айналысатын жаңа бассейн ашылды. «Алматы қаласының әкімдігіне үлкен алғысымызды білдіреміз», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Жанна Тілемісова.

Ашылған күннен бастап тегін үйірмеге 30 бала жазылды. Қазір екінші топты қабылдау жүріп жатыр. Бассейннен басқа кешенде жайлы киім ауыстыратын бөлмелер, жылы душ және тіпті сауна бар.

«Бассейн өте жайлы, жақсы жасалған. Бізде алты жол, жиырма бес метр. Сондай-ақ, біздің балалар сауна мен тұз бөлмесін қабылдай алады», – деді жүзу жаттықтырушысы Марина Уфимцева.

Сонымен бірге, Алатау ауданында балалар спортының дамуына көңіл бөлінді. Қала әкімшілігімен кездесулердің бірінде тұрғындар тегін балаларды сауықтыру орталықтарының жоқтығына шағымданды. Бірнеше айдан кейін мектептердің бірінде бокс секциясы ашылды.

«Алматы қаласының әкіміне жүгінгеннен кейін бізге спорт клубы ашылды, енді балаларымыздың спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Біз қала әкімдігіне «Ұлжан» шағынауданының барлық тұрғындарынан алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті аудан тұрғыны Рысгүл Тұрысбекова.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында қала билігі қала тұрғындарының қажеттіліктері көңіл бөліп келеді.

 Екі мың алматылық үйлерін заңдастырды

 Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа жүгінгеннен кейін екі мыңнан астам алматылық өз үйлерін заңдастырды. Қала басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындар үшін әкімшілік кедергілерді азайту бойынша бірқатар шаралар жүргізілді. Сондай-ақ, мегаполис басшысы Қазақстанның Экологиялық кодексіне түзетулер енгізуге бастамашы болды, соның арқасында клубтардың санитарлық-қорғау аймақтары, сондай-ақ су қорғау белдеуі қысқартылды.

– Біз «Шаңырақ-5» шағынауданында тұрамыз. 2013 жылдан бастап өз учаскелеріміз бен үйлерімізді заңдастыра алмадық. Өйткені, біздің аумақ зираттарға жақын орналасқан. Бұл мәселені шешуге көмектесіңіздер, – деді Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевқа өткен жылдың жазында Алатау ауданының тұрғындары. Қала тұрғындарының көптеген шағымдарына жауап ретінде мегаполис басшысы ҚР Экологиялық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды.

 «Біз бұл мәселені министрлікке жібердік. Заңға өзгерістер енгізуді ұсынамыз. Көп ұзамай сіз өз үйлеріңізді заңдастыра аласыз», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, шаһар басшысының тапсырмасы бойынша қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы кейбір шағынаудандардағы қызыл сызықтарға түзету жүргізді. Нәтижесінде 2192 алматылық өз үйлерін заңдастыра алды. Алатау ауданында –  979, Наурызбай ауданында –  507, Түрксіб ауданында –  291, Медеу ауданында –  234, Бостандық ауданында –  86, Әуезов ауданында –  37, Жетісу ауданында –  58 үй заңдастырылды.

Экологиялық кодекске түзетулер заңды күшіне енгеннен кейін заңдастырылған тұрғын үй құрылыстарының саны бірнеше есе артады.

«Зираттардың санитарлық-қорғау аймағында орналасқан үш мыңнан астам құрылыс бар. Біз Денсаулық сақтау министрлігінің зираттардың санитарлық аймағын қысқарту туралы бұйрығын күтіп отырмыз. Бұл да Алматы қаласының тапсырмасы еді. Осы бойынша санитарлық қорғау аймақтары қысқартылатын болады. Біз заңдастыру мүмкіндігі үшін аумақтардың 70%-ын қала құрылысы ауыртпалықтарынан босата аламыз. Бұл Алатау ауданындағы 3800-ге жуық үй құрылысы», – деді қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов.

Кейбір шағынаудандардың тұрғындары қажетті құжаттарды дайындауға кірісті. Мысалы, «Өжет» ықшамауданында, Шалкөде көшесінде 30-дан астам үйдің тұрғындары өз учаскелерін заңдастырды. Алматылықтар зираттардың санитарлық-қорғау аймағын қысқартудың арқасында көптен күткен құжаттарын алды. Енді бұл жол үш жүздің орнына 100–150 метр болады.

«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы ҚР Су кодексіне түзетулер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болды. Ол Экологиялық кодекске енеді, онда біз өзенге жақын емес, бірақ қандай да бір санитарлық-қорғау аймағы бар үй құрылыстарын заңдастыру үшін су қорғау белдеуін 20 метрге дейін төмендету туралы өтініш білдірдік», – деп түйіндеді Алмасхан Ахметжанов.

Алдағы айларда қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы тұрғын үй құрылыстарын заңдастыру мәселесін шешуге уәде берді.