Мен екпе алдым

Мен екпе алдым
almaty-akshamy.kz

Мадиан ӘДИАТҚЫЗЫ, үй шаруасындағы әйел:

  – Өткен жұмада «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын алдым. Бастапқыда екпе ектіруден қатты қорықтым. Себебі, әлеуметтік желілерден түрлі ақпараттар келіп, үрейімізді ұшырды. Індет елімізде белең ала бастағанда айналамдағы адамдардың біразға жуығы ауырып, ауруханада 15 күндей жатты. Олардың қиналысын көріп вирусты жұқтырып алмау үшін барынша сақтандым. Елімізге екпенің  мыңдаған дозасы келгендігін естіп, жұбайым екеуміз қаладағы №22 емханаға бардық. Сол жерде екпе ектірдік. Емханадағы медицина қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарына, барлық жағдайды өз  бақылауында ұстайтыны көңілімнен шықты. Қазіргі таңда біраз  әлем елдеріне қарасақ, ол жақтағы эпидахулдың жантүршігерлік күйде екендігін көреміз. Сан мыңдаған адам өмірден өтіп жатыр. Көптеген елдің экономикасына да орасан зор зиян келуде. Біз де солардың қатарында болғанымызды қаламасақ, екпе алудан қашпайық дегім келеді.

 Әзірлеген Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ.