iOS операциялық жүйесіне қазақ тілі қосылды – Бағдат Мусин

iOS операциялық жүйесіне қазақ тілі қосылды – Бағдат Мусин
Сурет: Kp.ru

Бұл жаңалықты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін Apple әлем күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды, себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне автотүзету функциясымен қазақ тілі қосылды. 2019 жылы ресми тізімге енгізілсе, енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды. Бұл – қазақ тілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз», - дейді министр.