Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады
Сурет: Kaspi.kz

Бес күнде қазақстандықтар Абай облысының тұрғындары үшін 165 миллион теңге жинады.

Kaspi.kz ниет білдіргендердің барлығы өрттен зардап шеккендерге көмектесе алуы үшін Ұлттық волонтерлік желімен бірге онлайн, мобильді қосымша арқылы тез арада қаражат жинауға мүмкіндік жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Kaspi.kz өз тарапынан өрттен зардап шеккендер үшін 35 миллион теңге қосып, соманы 200 миллион теңгеге дейін ұлғайтты.

"Біз мұндай үлкен резонансты күткен де жоқпыз. Қайырымдылық көлемі әртүрлі болды. Біреу "Ұлымнан" деп 50 теңге аударса, біреу қомақты сома жіберген. Қаражаттың бір бөлігін өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды қолдауға, азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алуға бөлеміз. Тағы бір бөлігі – зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуге. Қалған сомаға жәбірленушілердің кәмелетке толмаған балаларына депозит ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл сегіз бала кәмелетке толған соң ақшаны оқуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе басқа да маңызды мақсаттарға жұмсай алады. Үн қосып, көмектескендердің барлығына рахмет!", деді "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе банк клиенттеріне алғысын айтты.

"Қиындыққа тап болған адамдарды қолдау туралы шешім қабылдаған барлық сүйікті, қамқор клиенттерімізге рахмет. Kaspi қиын жағдайда қазақстандықтарға әрқашан көмектеседі және шетте қалмайды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз және өрт салдарынан зардап шеккендердің барлығының қайғысына ортақпыз", деді Михаил Ломтадзе.