Қазақстандық ЖОО-да 5 мыңнан астам үндістандық студент оқиды

Қазақстандық ЖОО-да 5 мыңнан астам үндістандық студент оқиды
Сурет: Тengrinews.kz

Олар шетелдік студенттердің негізгі контингентін құрайды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев құттықтау сөзінде биылғы жыл Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық қарым-қатынастың 30 жылдығы екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Осы тарихи қысқа мерзім ішінде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Қазақстанда елеулі реформалар жүргізілуде. Олар сондай-ақ қолжетімді, сапалы және жауапты денсаулық сақтауды құруға және бәсекеге қабілетті медицина мамандарын даярлауға бағытталған», - деп атап өтті ол өз сөзінде.

Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары оқу орындарында Үндістаннан 5000-нан астам студент оқиды және олар шетелдік студенттердің негізгі контингентін құрайды. Вице-министр қазақстандық медициналық университеттердің білім беру бағдарламалары барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін және шетелдік студенттер медициналық мамандық алу үшін біздің елімізді таңдайтыны кездейсоқ емес екенін атап өтті.

Өз кезегінде министр ханым студенттер алдында сөз сөйлеп, әрбір студент басқа елде бола тұра, Үндістанның елшісі екенін және оның келбеті мен мінез-құлқы туған елінің ең жақсы дәстүрлерін көрсету керектігін айтты. Ол жастардың назарын COVID-19 пандемиясы кезінде бүкіл әлем тап болған қиындықтарға аударып, студенттерді өз денсаулықтарын күтіп, екпе алуға шақырды. Сондай-ақ Үндістанның тумаларын Қазақстанда оқыту үшін жасалған мүмкіндік пен қолайлы жағдайлар үшін ризашылығын білдірді.