Қазақстандағы сейсможағдай жөнді бағаланбай келеді

Қазақстандағы сейсможағдай жөнді бағаланбай келеді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандағы сейсмологиялық жағдай лайықты бағаланбай келеді. Сейсмостанциялардағы 1979 жылы шығарылған жабдықтар әбден ескірген. Бұл туралы сенаторлардың Сейсмология институты мамандарымен болған кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

 Депутаттар Алматыдағы  жедел қызметтердің табиғи апаттарға дайындығымен танысты. Жиында мамандар «ел аумағының 40 проценті сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанына қарамастан, тиісті стансалар аз» деп отыр. Соңғы 5 жылда сейсмикалық аспаптар 40 000 жер сілкінісін тіркеген. Өткен жылдың өзінде олардың саны 7 мыңға жуықтаған. Сейсмология институтының мамандары қазіргі уақытта Алматыдағы жағдай тұрақты деп отыр.

- Сейсмология институтының болжамдық комиссиясының мәліметінше, 2023 жылы Алматы полигоны аумағында күшті жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Апта сайын комиссия отырысын өткізіп, комиссияның қорытындысын барлық шешім қабылдайтын органдарға жібереміз, - дейді сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев.