Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараға қатысты бірқатар мәселені талқылады

Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекараға қатысты бірқатар мәселені талқылады
Cурет: Baq.kz

Комиссияның келесі отырысы Мәскеуде өтеді

2022 жылғы 28 наурыз – 1 сәуір аралығында Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларымен алмасуды, оларды алдын ала қарауды жүргізді, сондай-ақ жетуі қиын таулы учаскесінде мемлекеттік шекараның сызығын белгілеуге байланысты бірқатар мәселелер талқылады», - делінген хабарламада. 

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы мамырда Мәскеу қаласында өтеді