Сумо күресінен чемпион болған балқаштық Ерсін жайлы не білеміз?

Сумо күресінен чемпион болған балқаштық Ерсін жайлы не білеміз?
Cурет: Жетісу медиа

Бүгінде қазақ балуаны Нихон университетінде үш бапкерден  тәлім алады

Балқаш ауданының тумасы Ерсін Балтағұл сумо күресінен чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақ балуаны осылайша, хару башёда макүшита дивизионы бойынша 7:0 есебімен  үлкен спорттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 
Ал,  жоғарғы дивизион бойынша Сэкивакэ Вакатакака чемпион атанды.

Сумошы Ерсін Балтағұл бұған дейін 2019 жылы  Жапонияда жастар арасында өткен додада сумо чемпионы атанған болатын. Ол Токиоға 18 жасында кеткен. Бала күнінде қазақ және жудо күресімен айналысқан. Спорттың бұл түріне келуіне  әйгілі Моңғол балуаны Асашери  Дагвадорж себепкер болған. Қазақ жігітінің ерекше дене бітіміне назары түсіп, Ерсіннің Жапонияда оқуына ықпал еткен.

Бүгінде қазақ балуаны Нихон университетінде үш бапкерден  тәлім алады. Ол оқуға барғанда салмағы 130 келі тартса, қазір 190 келіге дейін жеткен. Ерсіннің сумодағы лақап аты – Кинбозан, қазіргі дәрежесі – Ms34.