Алматыда «Қазпошта» жұмыс істей бастады

Алматыда «Қазпошта» жұмыс істей бастады
Сурет: Inbusiness.kz

Алматы қаласында "Қазпоштаның" бөлімшелері жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы қаласындағы "Қазпошта" бөлімшелері жұмысын қайта бастағаны туралы хабарлаймыз. Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін. Қазіргі уақытта пошта бөлімшелерінде зейнетақы мен жәрдемақы беруден басқа барлық қызмет түрлері көрсетіліп жатыр. Ал зейнетақы мен жәрдемақының поштадан қашан берілетіні туралы қосымша хабарланады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген аталған мекеме таратқан хабарламада.

Алматы қаласында жұмыс істеп тұрған «Қазпошта» бөлімшелерінің мекенжайы:

1. Жібек Жолы көш., 54, Пушкин көш.

2. Прокофьев қиылысы 148 (Қарасай батыр көш. жоғары)

3. Әуезов көш., 65 - Жамбыл

4. Гагарин даңғылы, 41- Жамбыл

5. Достық көш., 36 - Бөгенбай батыр

6. Егізбаев көш., 54б

7. Райымбек даңғылы, 101- Панфилов

8. Құрманғазы көш., 20- Пушкин

9. Төле би көш., 150 - Байзақов

10. Шұғыла шағын ауд, 222/2-үй

11. 11-ші шағынаудан, 27 үй

12. "Нұркент" шағынауданы, 5/23

13. Майлин көш., 67 (Алтай ш.а.)

14. «Орбита -3» шағынауданы, 4 үй

15. Мұстафин - Байқоңыр

16. Жұлдыз ш.а. Дөнентаев көш., 20

17. Достық даңғылы, 91/1 Сәтбаевтан жоғары

18. Жандосов көш. 21- Жароков

19. Фурманов, 240 - әл-Фараби бұрышы

20. Өтепов, 2 - Жароков

21. Райымбек даңғылы, 383- Петров

22. Айнабұлақ-3, 141А MART Village СҚО, Рихард Зорге 18/1

23. Гагарин 275/1 Gagarin Park ТҮК

24. Қабдолов 22 б, SKK БО

25. Бөгенбай батыр көш., 134 үй - ЖБО

26. Бөгенбай батыр көш., 221 үй (Алмалы ХҚҚКО)

27. "Құлагер" ш.а., Серіков, 6A үй (Жетісу ХҚҚКО)

28. "Шұғыла" ш.а. 347/1 (Наурызбай ХҚҚКО)

29. Шолохов көш., 14 (Турксіб МКД)

30. Алтынсарин көш., 23 үй (Әуезов МКД)

31. Абылай хан көш., 93/95 (Алмалы МКД)

32. Айманов көш., 191, Жандосов көш. бұрышы (Бостандық МКД)

33. Жанқожа батыр 24 (Алатау МКД) 34. Абылай хан көш., 93/95 (Медеу МКД)

35. "Шұғыла" ш.а. 347/2