Азық-түлік инфляциясын қалай тежеуге болады?

Азық-түлік инфляциясын қалай тежеуге болады?
Сурет: Гастроном

Бағаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдануда.

Бұл туралы алғашқы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу шараларын күшейту аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдануда», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тауарларды өндіру, тұтыну және қайта бөлу теңгерімдерінің толық мониторингін қамтамасыз ететін болады.

«Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл аясында импортталатын азық-түлік тауарларын тарту бойынша іс-шаралар қабылдануда. Қажет болған жағдайда экспорттық шектеу жөніндегі іс-шаралар уақтылы қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынды», - деді Бақыт Сұлтанов.