Өткен тәулікте 182 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 182 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

17 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте Қазақстанда 182 адам коронавиус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 162 адам коронавирус инфекциясынан (–2 061+ және 101 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 339 пациент стационарда, 1 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 17 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.