Елімізде Өзбекстанның жаңа елшілігі ашылды

Елімізде Өзбекстанның жаңа елшілігі ашылды
Сурет: Akorda.kz

Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі ел президенттері Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жаңадан салынған Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары салтанатты шарада лента қиған соң, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев елшіліктің жаңа ғимаратын аралап шықты.

Елшіліктің ғимараты Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында, «Хазірет Сұлтан» мешітіне жақын жерде орналасқан.