Қазақ каскадерлері Голливудтың «Наполеон» фильміне қатысты

Қазақ каскадерлері Голливудтың «Наполеон» фильміне қатысты
Сурет: интернеттен

Қазақстан кинотеатрларында 23 қарашадан бастап көрсетіле бастады.

«Наполеон» өмірбаяндық фильмі тарихтағы ең атақты Франция императоры Наполеон Бонапарттың алғашқы жылдары туралы баяндайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Трюктерге жетекшілік еткен Никки «жігіттердің кәсіпқой екенін алдын ала білгенде, Қазақстаннан көбірек каскадер шақырар едім» деді.

Қазақстандық каскадерлар британдық режиссер Ридли Скотттың «Наполеон» атты жаңа фильмінің түсіріліміне қатысты.

Айта кетсек, 22 қарашада «Наполеон» фильмінің әлемдік премьерасы өткен болатын. Сондай-ақ ол Қазақстан кинотеатрларында 23 қарашадан бастап көрсетіле бастады.

«Біз Ридли Скотт жобасына Үндістанда бірге жұмыс істеген каскадерлік үйлестіруші Ник Пауэллдің ұсынысы арқылы түстік. «Наполеон» фильміндегі барлық трюктерге оның әпкесі Никки хореографиялық жағынан жетекшілік етті. Түсірілім аяқталғаннан кейін ол жігіттерге жұмысы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар олардың кәсіпқой екенін алдын ала білгенде, Қазақстаннан көбірек каскадер шақырар едім деді», - дейді «Nomad Stunts» халықаралық каскадерлар тобының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов.

«Наполеон» өмірбаяндық фильмі тарихтағы ең атақты Франция императоры Наполеон Бонапарттың алғашқы жылдары туралы баяндайды. Фильмде басты рөлді Хоакин Феникс сомдады.