Қайрат Боранбаев Қазақстаннан қашуға әрекет жасады ма?

Қайрат Боранбаев Қазақстаннан қашуға әрекет жасады ма?
almaty-akshamy.kz

Қайрат Боранбаев Қазақстаннан қашу әрекеті туралы сұраққа жауап берді

Қамауға алынған кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталғанға дейін елден қашуға әрекеттенбегенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы сот отырысының үзілісінде журналистер Қайрат Боранбаевтан оның елден қашпақ болған жерінде қамауға алынғаны туралы қауесет туралы сұрады.

"Бұл - негізсіз ақпарат. Мен сол кезде жиналыстарда болдым, кешкі сағат 17:00-де қалыпты жұмыс күні кезінде мені қамауға алды. Мен Бейжіңнен жаңа келдім (Боранбаев Ұлттық Паралимпиада комитетін басқарды - еск.), біз онда қола жүлде алдық. Иә, Ригаға түнде, сағат екіде ұшамын деп ойладым (...) Неге қашуым керек? Осында туып-өстім, әкем осында жерленген, анам да, бизнес те осында. Мен қайда қашуым керек?" - деді Боранбаев.