Алматыда Қарағанды облысы ауылшаруашылық өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Қарағанды облысы ауылшаруашылық өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Life09.kz

29-30 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге Қарағанды облысының 7 аудан және өңірдің 3 қаласының (Қарағанды, Саран, Шахтинск) фермерлері қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өнім ассортиментінде 40-тан астам атаулар бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік, жануар майлары және т. б.).

Өнімнің жалпы көлемі – 222 тонна, оның ішінде:

  • Ет өнімі – 50 тонна;
  • Жеміс-көкөніс өнімі – 155 тонна;
  • Сүт өнімі – 4 тонна;
  • Балық өнімдері – 3 тонна;
  • Өзге өнімдер – 10 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын - Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында («Ғылым ордасы» археология мұражайына қарама-қарсы).