АҚШ депутаты «Тиктокты» цифрлық есірткіге теңеді

АҚШ депутаты «Тиктокты» цифрлық есірткіге теңеді
postium.ru

Майк Галлахер Тиктокты АҚШ аумағында пайдалануға тыйым салу керек деп есептейді.

Таяуда ғана Индиана штатының бас прокуроры жалған жарнама жасағаны үшін «Тиктоктың» үстінен сотқа шағым түсірген еді. Қытай билігінің қадағалауындағы әлеуметтік желіге Вашингтон күмәнмен қарайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24 кз тілшісіне сілтеме жасап.

Республикашыл депутат Майк Галлахер Тиктокты АҚШ аумағында пайдалануға тыйым салу керек деп есептейді. Жаңа Конгресстегі арнайы комитеттің төрағасы қытайлық әлеуметтік желі есірткі сияқты тез тәуелділікті арттырады, әсіресе, жастарға кері әсер етеді деп отыр. Сондықтан депутат «Тиктокты» тұсау үшін табандылық танытып, күресуге бел буып отыр.

- Америкадағы ең ықпалды медиа-кеңістікте Қытай коммунистік партиясы бақылау жүргізіп отырғанын қалаймыз ба? Алдымен соны анықтауымыз керек. Бұл мені алаңдатады. Сондықтан Сенаттағы әріптестерім үкіметтік құрылғыларда «Тиктокқа» тыйым салу жөніндегі заңды бірден қабылдағанына қуандым. Енді біз ұлттық деңгейде тыйым салуымыз керек, - дейді Республикалық партия өкілі Майк Галлахер.