Каспийдегі қамыс өрті 690 гектарға жетті

Каспийдегі қамыс өрті 690 гектарға жетті
Сурет: Gov.kz

Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.

Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысында жанып жатқан өрт ошақтары анықталған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өртінің аумағы 690 гектарға жетті. Департамент мәліметінше, бүгін, 9 шілдеде теңіз жағалауындағы қамыс өртінің аумағы тағы ұлғайған.

«Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында өртенген қамыстың аумағы – 690 гектар. Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысымен жанып жатқан өрт ошақтары анықталмады. Алайда қамыс бықсып жатыр. Бүгін, 9 шілдеде 08:30 сағаттағы ақпаратқа сәйкес «Казавиақұтқару» АҚ-ның СТҚ-5 қондырғысы бар МИ-8 тікұшағымен 11 рет су төгілді», - делінген хабарламада.

Өртенген қамысты сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағадайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан, «Казавиақұтқару» АҚ-дан 97 адам, 15 техника, 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Каспий жағалауында 6 шілдеден бері қамыс өртеніп жатыр.