Қазақстанның кей өңірінде 43 градус ыстық болуы мүмкін

Қазақстанның  кей өңірінде 43 градус ыстық болуы мүмкін
Сурет: Dmitry Rahimov

Ауа райы жағдайларына байланысты Азаматтық қорғау органдары күшті дайындық  режиміне ауыстырылды.

Қазақстанда алдағы үш тәулікте 43 градус ыстық пен жаңбыр жауады деп болжанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел қырқын алады.

"8 шілдеде еліміздің солтүстік шығысы мен шығысында, 8-9 шілдеде республикамыздың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады", деп хабарлайды ҚР ТЖМ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

"Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Бүкіл кезеңде сынап бағаны батыста, 9-10 шілдеде еліміздің солтүстік-батысында, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады деп болжанады", делінген хабарламада.

Осыған байланысты азаматтық қорғау органдарының кезекші қызметтері жоғары дайындық режиміне ауыстырылғаны нақтыланады.