Қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақырамыз

Қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақырамыз
almaty-akshamy.kz

Құрметті алматылықтар!

Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақырамыз. 

Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталды және 2024 жылдың 16 желтоқсанына дейін жалғасады. Оқыту бес күнге созылады.

Оқыту шеңберінде:

  • қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады,
  • қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі,
  • сіз білікті заң көмегін ала аласыз, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет және т.б.

Қатысу үшін кестеде көрсетілген жауапты тұлғаларға хабарласуға болады.

Оқыту толығымен тегін.

Толығырақ: https://qogamfin.kz/kk