Алматыдан батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Сурет: Egemen.kz

Жер сілкінісі Жамбыл облысында сезілді. 

ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 1 сәуір күні сағат 11:14-те жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2.

MPV магнитудасы – 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б.

Тереңдігі – 25 км.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке ауылында 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізілуде.