Александр Бублик әлемдік рейтингте бес сатыға көтерілді

Александр Бублик әлемдік рейтингте бес сатыға көтерілді
Сурет: 24.kz

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик бірден бес сатыға көтеріліп, 37-орынға жайғасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал Михаил Кукушкин өз позициясын бес сатыға жоғарылатып, 161-ші орынды иеленсе, Дмитрий Попко, керісінше, 11 позициядан айырылып, 195-ші орынға түсті. Тимофей Скатов 231-орында (минус 24 позиция).

Үздік ондық та өзгерді. Серб Новак Джокович басымдығын жоғалтып, үшінші сатыға, ресейлік Даниил Медведев бірінші, неміс теннисшісі Александр Зверев үшінші сатыдан екінші сатыға көтерілді. Испаниялық Рафаэль Надаль төртінші орынды сақтап қалды.