5 жасқа толмаған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін

5 жасқа толмаған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін
Сурет: Interfax.ru

Мамандар вакцина қауіпсіз әрі тиімді деп отыр.

АҚШ-та бұдан былай бес жасқа толмаған балаларға да коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салынуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

Мамандар Pfizer мен Moderna компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарының балаларға арналған дозасы 5 жасқа дейінгі сәбилерге қауіпсіз әрі тиімді деп отыр. Елдің денсаулық сақтау саласының ведомствосы арнайы талдау да жүргізген. Аталған құжат жуырда жарияланып, жоғарыда аталған препараттарды қолдану дауысқа салынады делінген. 

Министрлік жүргізген талдауға сәйкес, Америкада коронавирус жұқтырудың 3%-дай жағдайы алты ай мен төрт жасқа дейінгі сәбилер тобына тиесілі. Алайда осы топтың ауруханаға жатқызылуы мен өлім-жітім көрсеткіштері үлкен жастағы балаларға қарағанда жоғары. Бұл да вакциналау себептерінің бірі болып отыр. 

Деректерге сәйкес, 30 мыңнан астам 5 жасқа толмаған америкалық бала індет жұқтырып, ауруханаға түскен. Оның ішінде 500-і қайтыс болған.